жұма, 5 желтоқсан, 2025 23:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

BIRLIK ансамблі EXPO 2025 халықаралық көрмесінде өнер көрсетті

BIRLIK ансамблі EXPO 2025 халықаралық көрмесінде өнер көрсетті
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының BIRLIK ансамблі Жапонияның Осака қаласындағы EXPO 2025 халықаралық көрмесінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Осыдан бір ғасыр бұрын 1925 жылы Франция астанасында өткен EXPO көрмесінде тұңғыш рет қазақ мәдениетін әлемге танытқан Әміре Қашаубаевтың өнеріне жұрт тәнті болды. Төрткүл дүниеге жол ашқан Әміренің жолын BIRLIK ансамблі жалғады.

Ансамбль Қазақстан Республикасы Ұлттық күніне арналған салтанатты ашылу рәсімі мен гала-концертіне қатысты. Іс-шараға 158 ел, 9 халықаралық ұйым қатысты. 

Өнер ұжымы Осака қаласындағы Ray Garden сахнасында және Swissotel Nankai Osaka қонақ үйінің салтанатты залында өнер көрсетіп, көпшілік көңілінен шықты. Концерттік бағдарламада көрермен назарына «Күй шашу», «Аққу», «Салкүрең» және т.б. басқа да дәстүрлі билер ұсынылды.

BIRLIK ансамблі - жаһандану заманында ұлттық құндылықтарды ұлықтап, еліміздің мәдениетін әлемге танытып жүрген бірегей өнер ұжымы.

Айта кетейік, аталмыш ансамбль ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 2024 жылғы 1 наурыз Алғыс айту күніне орай құрылды. Осылайша, Қазақстан мен ТМД елдері тарихында тұңғыш рет көпэтносты ән мен би ансамблі жасақталды. 

Ұжымның репертуары қазақ халқының тарихымен және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуымен тығыз байланысты 130 этностың музыкалық мұрасы мен өнерін қамтиды.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар