Бүгін түстен кейін Астана сотында экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысында тараптардың жарыссөзі басталуы тиіс еді. Алайда, прокуратура Байжановқа тағылған бір айыпты өзгертуді сұрады, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Прокурор Саяхат Нұрбековтің сөзінше, айыптау тарапы сотталушы Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық кодекстің 434-бабына сәйкес тағылған айыптаудан бас тартты. Бұл бапта аса ауыр қатыгездікпен жасалған қылмысты хабарламау әрекеті қарастырылған.
"Айыптау тарапы Байжановқа қатысты қылмыстық кодекстің 434-бабы, яғни қылмыс туралы хабарламау бойынша айыптаудан бас тартады. Байжановқа қатысты қылмыстық істі қарау Қылмыстық кодекстің 432-бабында (қылмысты жасырып қалу) көрсетілген қылмыс жасады деген айыптау бойынша қаралсын", - деді прокурор.
Судья Айжан Құлбаева өтінішхатты қабылдады. Еске салайық, Бақытжан Байжановқа қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған еді. Олар Қылмыстық кодекстің 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу) және 434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау).
Бала тәрбиесі - баршаға ортақ
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде ипотекалық несие алумен байланысты проблемалар саны азайған
- авторМағжан Орынбасар
- 22 қаңтар, 2025
Еліміздің қай өңірлерінде қылмыс көп жасалатыны белгілі болды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 қаңтар, 2025