дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 22:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бала тәрбиесі - баршаға ортақ

Бала тәрбиесі - баршаға ортақ
Ғаламтор
Қоғамдық орындар мен көшедегі дұрыс мінез-құлық дағдылары мектеп пен үйде қалыптасады. Осы ретте оқушыларға бастапқы құқықтық сауаттылық жөнінде ақпаратпен қамтамасыз ету маңызды.

Өз кезегінде «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қолдауымен осы тақырып аясында іс-шара өтті. Тараз қаласы, 39 мектеп-гимназиясында “Құқықтық сауаттылықты оқыту бойынша” шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Іс-шарада мамандар оқушыларды бала құқықтары туралы Конвенциямен, адам құқықтары Декларациясымен таныстырды.
      Іс-шара барысында оқушылар мамандармен бірге өз құқықтарын талдап, құқықтарды бұзу мәселелерін шешіп, өздеріне таныс өмірлік жағдайларын талқылады. Қатысушылар "құқықтар - міндеттер" ойынына үлкен қызығушылықпен қатысып, құқықтар сатысы мен міндеттер сатысын құрды. Онда балалардың қандай құқықтары мен міндеттері бар екенін атап өтті. 
       Мақсат білім алушылардың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін қалыптастыру, адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу. Балалар мектепте, үйде және қоғамдық орындарда адамның негізгі құқықтары мен міндеттерін, дұрыс мінез-құлық дағдыларын қайталады. Оқушылар білімдерімен бөлісті, пікірталастар жүргізді, жаңа нәрселерді білді. Қосымша ақпарат ретінде бейнероликті тамашалады

Айта кету керек, Мемлекет басшысы бала тәрбиесінің өте өзекті мәселе екенін айтып, бұл тақырыпты басты назарда ұстауды тапсырған еді.

«Ашығын айтсақ, қазір жас ұрпақ әлеуметтік желі арқылы тәрбие алып жатыр. Баланы дұрыс бағытқа бұрып, жол көрсетіп отырмасақ, бұл – өте қауіпті үрдіс. Ғаламтор арқылы жат діни ағымдардың құрығына түскен жастар да бар. Ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл – ең алдымен, үлкендердің кінәсі. Біз жастарды жаһанданудың қатерлі ықпалынан барынша сақтауға міндеттіміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол ұрпақ тәрбиесіне ықпал ететін шараларға баса мән беруіміз керегін атап өтті. Сондай-ақ білім ордаларында тәрбие ісін мықтап қолға алу керек екенін айтты.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар