Бишімбаев пен Байжанов сот залына кешіккен соң тараптардың жарыссөзі кейінге шегерілді
- авторИндира Тәліпқызы
- 29 сәуір, 2024
- 570
Бүгін таңғы сағат 10:00-де Астана сотында экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты іс бойынша тараптардың жарыссөзі басталу керек еді. Алайда сотталушылар сот залына уақытылы жеткізілмегендіктен, сот отырысы сағат 14:30-ға шегерілді, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Бір айдан аса уақытқа созылған қылмыстық іс бойынша сот тергеуі 2024 жылдың 24 сәуірінде аяқталған болатын. Енді бүгін тараптардың жарыссөзі басталады.
Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған:
99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (аса қатыгездікпен адам өлтіру);
110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (қинау).
Бақытжан Байжановқа қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған:
432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу);
434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау).
Еске салайық, 2023 жылдың 9 қарашасында Астанадағы «Бау» мейрамханасында экс-министр Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенова өлтірді деген күдікпен қамауға алынған. Артынша оның туысы Бақытжан Байжанов та қамалды.