Елімізде
Бишімбаев соты: Марқұм Нүкенованың денесіндегі ауыр жарақаттар құлағаннан болмаған – сараптама
- авторИндира Тәліпқызы
- 4 сәуір, 2024
- 582
Астанада Бишімбаевтің ісі бойынша сот процессі жалғасып жатыр. Жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбақова сотта марқұм Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптама қорытындысымен таныстырды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Адвокат Жанна Оразбақованың айтуынша, сараптама нәтижесі көрсеткендей, марқұмның денесінде жабық бас-ми жарақаты, беттің көгеруі, сол жақ құлақ бөлігінің жарақаты, мұрын сүйегінің сынуы, иек аймағының жұмсақ тіндеріне қан кетуі, бастың жұмсақ тіндеріне және сол жақтағына қан кетіп гематомаға әкелген.
Сондай-ақ, адвокат сараптамаға сүйене отырып, мұндай ауыр дене жарақаты Нүкенованың құлап қалғанынан емес, бұл жарақаттар қатты заттың әсерінен пайда болғанын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Бишімбаевтің соты ҚР-ның Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіліп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
Елімізде
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024