сәрсенбі, 18 маусым, 2025 10:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл 577 энергия нысаны жөнделеді: KEGOC күзгі-қысқы кезеңге дайындықты бастады

Биыл 577 энергия нысаны жөнделеді: KEGOC күзгі-қысқы кезеңге дайындықты бастады
Үкіметтің баспасөз қызметі
Елімізде алдағы жылыту маусымына дайындық басталып кетті

Үкімет отырысында «KEGOC» компаниясының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов 2024-2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңнің қорытындысы мен 2025-2026 жылдарға арналған дайындық барысы туралы баяндама жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оның айтуынша, өткен маусымда еліміздің электр станцияларында қажетті жоспарлы жөндеу жұмыстары уақтылы жүргізілді.

«2024-2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық шеңберінде электр стансаларында жабдыққа, оның ішінде 10 энергия блогына, 55 қазандыққа және 45 турбинаға жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бірыңғай сатып алушының жоспарланған электр энергиясын импорттауы электр станцияларында жөндеу науқанын жүргізуге мүмкіндік берді», — деп атап өтті ол.

Нәтижесінде жабдықтың апаттық деңгейі айтарлықтай төмендеді.

«2025 жылы электр станцияларындағы жөндеу науқаны барысында 10 энергия блогын, 63 энергетикалық қазандықты, 39 турбинаны күрделі және орташа жөндеуден өткізу жоспарлануда. 2025 жылғы 21 мамырдағы жай-күй бойынша 1 энергия блогы, 2 бу қазандығы мен 1 бу турбинасы жөндеуден өтті. Дайындық деңгейлері әртүрлі: 4 энергия блогы, 19 бу қазандығы, 10 турбина жөндеуде тұр», — деді басқарма төрағасы.

Өткен маусымдағы ең жоғары электр тұтыну көрсеткіші 2024 жылдың 8 желтоқсанында тіркеліп, 17,2 МВт-қа жеткен. Ал алдағы жылы бұл көрсеткіш 17,6 МВт-қа дейін жетуі мүмкін деп болжануда.

2025 жылы 10 энергия блогы, 63 энергетикалық қазандық және 39 турбинада күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. 21 мамырдағы жағдай бойынша 1 блок, 2 бу қазандығы мен 1 турбина жөнделіп біткен, тағы 4 блок, 19 қазандық пен 10 турбинада жөндеу жүріп жатыр.

Жалпы алғанда, жыл соңына дейін 577 энергия нысанын жөндеу көзделіп отыр.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар