жұма, 3 қаңтар, 2025 14:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл елімізде 277 кәсіпорында жұмысшыларға жалақы берешегі анықталған

Биыл елімізде 277 кәсіпорында жұмысшыларға жалақы берешегі анықталған
Көрнекі фото. Ашық дереккөзден
Осылайша 17,5 мың қызметкер өз жалақысын алды

2024 жылы Министрлік еңбек жағдайларын жақсарту және жұмысшылардың құқығын қорғау үшін айтарлықтай қадамдар жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 Маңызды жетістіктердің бірі еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардан Министрліктің қарамағына алу болды. Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті аумақтық бөлімшелерімен бірге құрылды. Бұл еңбек заңнамасының сақталуын бақылаудың тәуелсіз вертикалын құруға мүмкіндік берді.

Заң және кадр қызметін орталықтандыру есебінен аумақтық инспекциялар деңгейінде тікелей еңбек инспекторларының саны ұлғайды. Бұл өз кезегінде қызметкерлердің құқығыы мен мүддесін қорғауды, еліміздің кәсіпорындарындағы қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ еңбек даулары мен жанжалдардың туындау тәуекелдерін азайтуға ықпал ететін болады.

Нәтижесінде, қызметкерлердің еңбек құқығының сақталуын, оның ішінде жалақының кешігуіне қатысты тексеру күшейтілді. Мәселен, 2024 жылдың 11 айында 277 кәсіпорында 4,4 млрд теңге сомасына жалақы бойынша берешек анықталып, 17,5 мың қызметкер өз жалақысын алды.

Сонымен қатар жүргізілген тексерулер барысында 7 583, атап айтқанда, еңбек саласында – 5 723; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 793; халықты жұмыспен қамту бойынша – 67 құқық бұзушылық анықталды. Жұмыс берушілерге 2 998 ұйғарым беріліп, 371 млн теңгеге 3 359 әкімшілік айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 33 мыңнан астам қызметкердің еңбек құқығы қорғалды.

Биылғы 11 айда республикадағы кәсіпорындарда 1 211 адам зардап шекті. Зардаптың кесірінен қайтыс болғандар саны 178 адамды құрады.

Еңбек жағдайларын жақсартудағы маңызды қадамдардың бірі нақты уақыт режимінде әртүрлі кәсіпорындардағы еңбек жағдайлары мен кәсіби тәуекелдерді бақылауға мүмкіндік беретін кәсіпорындардың цифрлық картасын енгізу. Кәсіби тәуекелдерді бағалау жүйесі өндірісте жарақат алу деңгейін төмендетудің маңызды құралына айналды. Қабылданған шаралар нәтижесінде Қазақстанда өндірісте жарақаттану деңгейі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4%-ға төмендеді, бұл еңбек қауіпсіздігі саласындағы оң өзгерістерді көрсетеді.

2024 жылы платформалық жұмыспен қамту саласындағы еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған бірнеше заңнамалық бастамалар енгізілді. Атап айтқанда, такси жүргізушілері мен платформалық қызметтерге тартылған басқа жұмысшылар үшін әлеуметтік кепілдіктер әзірленді, бұл олардың әлеуметтік қорғалуын едәуір жақсартты.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар