бейсенбі, 15 мамыр, 2025 7:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл елімізде өндірілген жаңа өнімнің 7,5 млн тоннасы шетелге экспортталды

Биыл елімізде өндірілген жаңа өнімнің 7,5 млн тоннасы шетелге экспортталды
ҚТЖ
Бұл туралы АШМ мәлім етті

Қазақстан халықаралық астық нарығындағы позициясын нығайтып, экспорт географиясын кеңейтуді жалғастыруда, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап 2025 жылдың 27 сәуіріне дейін жаңа астық өнімінің экспорты 7,5 млн тоннаны құрады.

Бұл көрсеткіш 2023/2024 ауыл шаруашылығы жылының сәйкес кезеңімен салыстырғанда 56%-ға артық. Қазақстандық астықты Орталық Азия мен Таяу Шығыс елдеріне жеткізу көлемі тұрақты түрде өсіп келеді.

 Атап айтқанда, Өзбекстанға экспорт 29,7%-ға артып, 2,0 млн тоннадан 2,7 млн тоннаға дейін, Тәжікстанға — 50%-ға, 718 мың тоннадан 1 076 мың тоннаға дейін, Ауғанстанға — 33,8%-ға, 201 мың тоннадан 269 мың тоннаға дейін, Қырғызстанға — 2 есеге, 88 мың тоннадан 178 мың тоннаға дейін өсті. Иранға экспорт көлемі 16 есеге өсіп, 54 мың тоннадан 871 мың тоннаға дейін, Әзербайжанға — 111 есеге, 5 мың тоннадан 557 мың тоннаға дейін артты.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар