Елімізде
«Болашақ» бағдарламасының түлектеріне ескерту жасалды
- авторМағжан Орынбасар
- 22 қазан, 2024
- 314
Өйткені, алаяқтар білімгерлерді сан соқтырып жатыр екен
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» стипендиаттар, «Болашақ» бағдарламасының және ғылыми тағылымдама түлектеріне ескерту жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Орталық соңғы уақытта алаяқтық жағдайлары жиілеп кеткенін атап өтіп, абай болуды сұрады.
«Алаяқтар Халықаралық бағдарламалар орталығының атынан хабарласып, SMS арқылы келген тексеру кодтарын немесе ақшалай қаражат жіберуді сұрайды. Халықаралық бағдарламалар орталығы ешқашан тексеру кодтарын сұрамайды және ақшалай қаражат талап етпейді. Барлық ресми ақпарат біздің ресми байланыс арналары немесе кураторлар арқылы ғана жіберіледі. Сақ болыңыздар! Жеке деректерді бөгде адамдарға бермеңіздер. Осындай жағдайлар туындаған кезде құқық қорғау органдарына жүгініңіздер», - делінген хабарламада.
Келесі мақала
Халықты жұмыспен қамтудың барлық тетігі қарастырылған
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
Елімізде
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024