ҰБТ: ережені бұзған 212 адамның нәтижесі жойылды
- авторБақытжан Бекболат
- 24 маусым, 2025
- 217

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, олардың басым бөлігі – тест тапсыру кезінде ережені айналып өтуге тырысу, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
210 талапкер смартфон, шпаргалка және өзге де тыйым салынған заттарды аудиторияға алып өтпек болғаны үшін тестілеуге жіберілмеді. Тағы 212 адам тест кезінде тәртіп бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижесі жойылды.
«Бір талапкердің сертификаты тестілеу барысындағы бейнежазбаларды тексеру нәтижесінде жойылды. Қазірге дейін басқа адамның орнына кірген жағдайлар анықталған жоқ», – деді министрлік өкілдері.
Барлық тестілеу бейнежазбаларын тексеру жалғасып жатыр, бұл процесс 31 қазанға дейін созылады. Егер қосымша заңбұзушылықтар анықталса, олардың да нәтижесі жойылады.
Қазіргі уақытта ҰБТ шамамен 268 мың рет тапсырылған. Талапкерлердің 70%-ы шекті баллдан өткен, орташа балл – 66. Ең жоғары нәтиже – 140 балл. Бұл көрсеткіш Түркістан облысынан Әбілхан Жәнібекке тиесілі.
Жамбылда 193 мыңнан аса бала жазғы демалыспен қамтылды
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда жарты жылда 16 мыңға жуық жол апаты тіркелді
- авторБақытжан Бекболат
- 17 шілде, 2025