"Қазгидромет" РМК-ның хабарлауынша, 16–18 тамыз күндері Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс жақтан келген циклонның әсері сезіледі.
Бұл күндері тек еліміздің оңтүстік-батысында ғана жауын-шашын болмайды. Батыс өңірде 17–18 тамыз күндері, ал орталықта жаздың соңғы күндерінде ғана жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Синоптиктердің айтуынша, солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталық аймақтарда найзағайлы қатты жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі.
Шығыс пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы төмендейді: шығыста күндіз 17...25 градус, оңтүстік-шығыста 25...32 градус жылы болады. Ал батыста, керісінше, ыстық күшейіп, кей жерлерде күн 35 градусқа дейін қызады.
Солтүстікте ауа температурасы 18...23 градус, ал орталықта 20...30 градус аралығында болады.






