сәрсенбі, 17 желтоқсан, 2025 12:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Өңдеу өнеркәсібі 5,9%-ға өсті - Үкімет

Өңдеу өнеркәсібі 5,9%-ға өсті - Үкімет
Фото - ашық дереккөз
Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру және нарықты отандық тауарлармен қанықтыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет қайта өңдеу секторының тұрақты өсуін қамтамасыз етеді.

Саланы дамыту нәтижелері туралы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков баяндады. Оның айтуынша, өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларында оң динамика байқалып, өсім 5,9%-ды құрады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Өндіріс көлемі 8,1%-ға өскен химия өнеркәсібінде айтарлықтай динамика байқалады. Бұған минералды тыңайтқыштар, полипропилен және бояу материалдарын өндіруді арттыру арқылы қол жеткізілді. Жеңіл өнеркәсіпте 7,4% өсім тіркелді. Бұл ретте тоқыма бұйымдарының өндірісі бірден 12,9%-ға ұлғайды. Сондай-ақ бетон, цемент және құрылыс қоспалары өндірісінің өсуіне байланысты құрылыс материалдары өнеркәсібі (+7,1%) оң нәтиже көрсетіп отыр.

«Оң динамика көбінесе отандық өндірістік қуаттардың жүктемесін арттыру, өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз етуді жақсарту бойынша қабылданған шаралардың нәтижесі. Біз өндірістерді локализациялауды одан әрі қолдауға ниеттіміз»,— деді Олжас Сапарбеков.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар