Еңбек демалысына шектеу қойған: БҚО-да 600-ден астам білім қызметкерінің құқығы бұзылғаны белгілі болды
- авторМағжан Орынбасар
- 22 мамыр, 2025
- 216

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, ұжымдық келісім-шарттарды талдау барысында әлеуметтік демалыс және басқа да әлеуметтік кепілдіктер беру шарттары тиісті түрде ескерілмегені анықталды. Бұл еңбек заңнамасын бұзу болып есептеледі, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аталған заң бұзушылық жұмысшылардың демалу құқығына шектеу қойып, еңбек жағдайының нашарлау қаупін тудырды.
- Прокуратураның араласуы нәтижесінде ұжымдық шарттардың талаптары заң талаптарына сәйкес келтірілді, ал қызметкерлер үшін барлық тиісті әлеуметтік демалыстар мен жеңілдіктер қамтамасыз етілді. Қабылдаған шаралар қызметкерлердің бұзылған құқығын қалпына келтіруге және бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік берді. Қадағалау актісін қарау нәтижесі бойынша 11 лауазымды қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады прокуратурадан.