жексенбі, 20 сәуір, 2025 3:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еділ Жаңбыршин: «Байлар мүмкіндігі шектеулі жандардың атын жамылып, салықтан жалтарады»

Еділ Жаңбыршин: «Байлар мүмкіндігі шектеулі жандардың атын жамылып, салықтан жалтарады»
Мәжілістің баспасөз қызметі
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Еділ Жаңбыршин бай азаматтардың мүгедектігі бар жандардың атына қымбат көліктерді тіркеп, салықтан жалтарып жүргенін айтып, бұл мәселені көтерді.

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин елімізде сән-салтанат салығының қажеттілігін көтеріп, салықтан жалтарудың түрлі айла-шарғыларына назар аударды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Сән-салтанат салығын енгізу – орынды қадам. Бай адамдар көп төлесін. Қымбат көлік пен яхта секілді дүниелерге акциз салу – әділетті шешім. Бірақ, шындық мынадай: дәулетті азаматтар салық төлемеу үшін түрлі қулыққа барады. Мысалы, олар қымбат көліктерін мүгедектігі бар адамдардың, көпбалалы немесе батыр аналардың атына тіркеп, жеңілдіктерді өз пайдасына қолданады», – деді депутат.

Ол салық жүйесінде адамның әлеуметтік жағдайына емес, нақты байлығына қарай салық салынуы керектігін атап өтті: «Кімнің дәулеті көп – сол көбірек салық төлеуі керек. Әлеуметтік мәртебені салықтан босатудың құралына айналдыруға болмайды», – деді Жаңбыршин.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар