Елімізде
Екі бала көз жұмған Атыраудағы пәтер өртіне қатысты тың дерек шықты
- авторjambylinfo.kz
- 27 сәуір, 2024
- 772
Күдікті ретінде 31 жастағы ер адам ұсталды
Атырау облысының полиция департаменті екі баланың өмірін жалмаған пәтердегі өртке қатысты мәлімедеме жасады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Дереккөзіне сүйенсек, үйді өртеді деген күдікпен 31 жастағы адам ұсиалған. Полиция оқиға орнынан жанармай құйылған ыдысты тапқан.
«Жақын маңдағы жанар-жағармай құю бекетінен ыдыспен бензин сатып алған 31 жастағы ер адам табылды. Ол зардап шегушінің танысы болып шықты», - деп хабарлады полиция.
31 жастағы күдіктіге қатысты «аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру фактісі» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз