дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 13:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Екібастұз жылу электр станциясын жөндеу кезінде 1 млрд теңге ұрланған – Прокуратура

Екібастұз жылу электр станциясын жөндеу кезінде 1 млрд теңге ұрланған – Прокуратура
pavlodarnews.kz
Қазір аса ірі мөлшерде қаржы жымқырған адамдар анықталып жатыр

Екібастұз МАЭС-2 жаңғырту кезінде әзірге есімдері белгісіз тұлғалар бір миллиард теңгеге жуық қаражатты жымқырған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Павлодар облысының прокуратурасы «Екібастұз МАЭС-2» АҚ-ны тексеру барысында 3-ші энергоблокты орнаты, жылу электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған қаражат ұрланған. Шығын 1 млрд теңге», - деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.

Қазір осы іске қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы (аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында қылмыстың барлық мән-жайы, залалдың түпкілікті сомасы және оған қатысы бар адамдар тобы анықталады.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың қарашасы мен желтоқсанында Екібастұздың жылу электр станциясы істен шығып, қала түгел жылусыз қалған болатын. Мәселеге президент араласып, артынша құзырлы органдар бірқатар лауазымды тұлғаларды қолға түсірген. 

 

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар