Синоптиктер болжамын жариялады
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 26 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Синоптиктердің болжамынша, ҚР аумағының басым бөлігі антициклон сілемінің ықпалында болады.
— Осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуімен қар жаууы, жаяу бұрқасын болжанады. Республика бойынша тұман, батысында — көктайғақ, шығысында және Алакөл көлдері аймағында жел күшеюі күтіледі, — делінген хабарламада.