Елімізде
«Сүйінші»: Елімізде несиенің пайыздық мөлшерлемесі азайтылды
- авторМағжан Орынбасар
- 22 тамыз, 2024
- 1280

Кепілсіз банктік несиелердің максималды жылдық тиімді пайыздық мөлшерлемесі (ЖТПМ) 56-дан 46%-ға төменделген
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ұлттық банкпен бірлесіп, банктер мен микроқаржы ұйымдары ұсынатын әртүрлі несие түрлері бойынша жылдық ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін төмендететін бірлескен қаулы қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Несие бойынша негізгі өзгерістер мыналар:
- Кепілсіз банктік несиелердің максималды жылдық тиімді пайыздық мөлшерлемесі (ЖТПМ) 56-дан 46%-ға төмендетілді;
- Кепілдендірілген банктік несиелер – ең жоғары ЖТПМ 40-тан 35%-ға төмендеді;
- Ипотекалық несиелер – ең жоғары ЖТПМ 25% деңгейінде белгіленген;
- Микроқаржы ұйымдары беретін микрокредиттер – ең жоғары ЖТПМ 56-дан 46%-ға дейін төмендетілді;
- Қазақстанда онлайн несиеге тыйым салуды талап ететін петиция пайда болды;
- Қазақстанда несие алу кезінде жұбайының келісімін алу ережесі бекітілді;
- 45 күнге дейінгі шағын несиелерге қатаң шектеулер енгізілді;
- Күнделікті номиналды мөлшерлеме 1-ден 0,3%-ға дейін төмендетілді;
- Ең жоғары жылдық сыйақы мөлшерлемесі 179%-бен шектелген;
- Несие сомасына шектеу – шағын несиелер бойынша ең жоғары сома 50 АЕК-тен (184 600 теңге) 45 АЕК-ке (166 140 теңге) төмендетілді;
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда несиелер бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме төмендету туралы қаулы дайындалғаны айтылды.
Келесі мақала
ТЖД жамбылдықтарға ескерту жасады
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қызметінен кетті
- авторМағжан Орынбасар
- 18 наурыз, 2025
Елімізде
«Көктайғақ, дауыл, жауын-шашын»: Бүгін ауа райы қандай болады
- авторМағжан Орынбасар
- 18 наурыз, 2025