жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде сұранысқа ие препараттар 11 пайызға арзандады

Елімізде сұранысқа ие  препараттар 11 пайызға арзандады
istockphoto.com
Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов мәлімдеді

Вице-министрдің айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек бағасын қайта қараған. Бұдан былай маркетингтік және көлік шығыстары дәрі-дәрмек бағасын есептеуге кірмейді, ал генериктердің құны бастапқы препараттарға қарағанда 30%-ға арзандатылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бөлшек сауда желісінде, ТМККК және МӘМС жүйелерінде 8 мыңға жуық дәрі-дәрмек атауының бағасы өзгерді. Бірыңғай дистрибьютордың сатып алу қорытындысы бойынша үнемдеу 70,5 млрд теңгені құрады. Бұл қаражат дәрі-дәрмектің қосымша қажеттілігін жабуға жұмсалады.

Дәріхана желілерінің мониторингі көрсеткендей, қазан айында сұранысқа ие препараттардың бағасы орта есеппен 11%-ға төмендеді. Баға ең көп төмендеген топтар – жүрек-қан тамырлары ауруларына арналған дәрілер, антибиотиктер және қабынуға қарсы препараттар.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар