Қазақстандықтарды шексіз қуанышқа кенелтетін бұйырық жобасы талқылауға шығарылды
- авторБақытжан Бекболат
- 11 қараша, 2025
- 896
Ел тұрғындары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарын жаңа мақсаттарға пайдалана алатын мүмкіндікке ие болуы ықтимал, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мұндай өзгерістерді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әзірлеп, бұйрық жобасын 21 қарашаға дейін «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға шығарды.
Жобада зейнетақы жинақтарын қолданудың жаңа бағыттары қарастырылған:
ипотекалық тұрғын үй несиесінің негізгі қарызын өтеу;
ай сайынғы төлем мөлшерін азайту;
несие мерзімін қысқарту.
Құжатқа сәйкес, бұл өзгерістер Салық кодексінің жаңа редакциясымен байланысты. Қазақстан резиденттері БЖЗҚ-дан алынатын біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын төлеуден босатылады.
Бұл жаңашылдықтың мақсаты – азаматтарға тұрғын үй жағдайын жақсартуға қосымша мүмкіндіктер беру және біржолғы зейнетақы төлемдерін ыңғайлы пайдалану.
Елімізде сұранысқа ие препараттар 11 пайызға арзандады
Ұқсас жаңалықтар
«Заң мен тәртіп»: Олжас Бектенов ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді
- авторМағжан Орынбасар
- 25 желтоқсан, 2025
Қысқы демалыста қайда баруға болады? Шығыс Қазақстан облысындағы ТОП-7 бағыт
- авторБақытжан Бекболат
- 25 желтоқсан, 2025





