жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда геологиялық мәліметтер толығымен цифрландырылмақ

Қазақстанда геологиялық мәліметтер толығымен цифрландырылмақ
Фото: pixabay.com
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан Үкімет отырысында геология саласын цифрландыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ол қазір Бірыңғай платформа арқылы 66 мыңнан астам геологиялық есепті онлайн алуға мүмкіндік бар екенін жеткізді. Сонымен қатар бастапқы геологиялық ақпаратты да цифрландыру жүргізілуде. 

«Бүгінде оның 73%-ы электронды форматқа ауыстырылды, жыл соңына дейін 97%-ға жетпек. Ал толық цифрландыруды келесі жылы аяқтау көзделіп отыр»,  — деді Иран Шархан.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар