бейсенбі, 8 қаңтар, 2026 17:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде жасанды интеллект университеті құрылады

Елімізде жасанды интеллект университеті құрылады
Үкіметтің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жасанды интеллект бойынша арнайы университет құрылады.

Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Министр университет индустрияның сұраныстарына сәйкес пәнаралық бағыттар бойынша кадрлар даярлауға, сондай-ақ қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге бағытталатынын атап өтті.

Оқу орны Alem.ai экожүйесіне біріктіріліп, жетекші шетелдік университеттермен және технологиялық компаниялармен әріптестікте дамиды.

"Бүгінгі таңда жасанды интеллектті дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар алда жасанды интеллект университетін құрумен қатар бірқатар жүйелі шараны жүзеге асыру міндеті тұр. 

Негізгі мақсат – профессор-оқытушылар құрамын жасанды интеллект бойынша біліктілікті арттыру бағдарламаларымен 100% қамту және 100 мың студентті тарта отырып, AI-Sana бағдарламасының келесі кезеңін жүзеге асыру", — деп толықтырды Саясат Нұрбек.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар