жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 22:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еліміздегі ЮНЕСКО мәдени мұраларын қорғау бойынша перспективалық жоспарлар талқыланды

Еліміздегі ЮНЕСКО мәдени мұраларын қорғау бойынша перспективалық жоспарлар талқыланды
Ашық дереккөз
Жиынға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева төрағалық етті

Абай атындағы ҚазҰПУ-да ЮНЕСКО қорғауындағы Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын қорғау жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo. kz
Жиынға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева төрағалық етті.
Отырысқа облыс әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының мүшелері, сондай-ақ ғалымдар, археологтар мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Қатысушылар материалдық емес мәдени және дүниежүзілік мұраны қорғау шараларын жақсартуға бағытталған іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» халықаралық бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Аида Балаева ЮНЕСКО Конвенцияларымен бекітілген міндеттемелерді орындаудың маңыздылығын атап өтті. Министр барлық деңгейлерде үйлесімді жұмыс қажеттігін және материалдық емес мәдени мұраны анықтау мен дамыту дағдылары бойынша кадрларды даярлау үшін білікті сарапшыларды тартудың маңыздылығын айтты.
«Ең алдымен, мамандардың біліктілігін арттыру бойынша жұмысты күшейтуіміз қажет. Оқыту мазмұнды және пайдалы болуы тиіс. Жедел түрде оқу модульдерін дайындап, өңірлік және орталық деңгейде курстар өткізуге кірісуіміз керек», – деді министр.
Қазақстанның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитеті төрағасының орынбасары Рүстем Мұзафаров, Қазақстанның Дүниежүзілік мұрасы жөніндегі комитеттің төрағасы Гүлмира Мұхтарова және ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасы бойынша Ұлттық комитетінің төрағасы Ғазиза Нұрғалиева қатысушыларға өз жұмыс жоспарларын ұсынды.
Жоспар аясында жергілікті атқарушы органдардың мамандары мен этномәдени бірлестік өкілдерінің біліктілігін арттыру, сондай-ақ материалдық емес мәдени мұраны зерттеу және насихаттау қарастырылған.
Қатысушылар пікір алмасып, алдағы жұмыстың басым бағыттарын айқындады.
Жиын соңында ұсынылған шараларды енгізу, барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін үйлестіру және Қазақстанның мәдени мұрасын қорғау бойынша іс-шаралар кешенін тиімді жүзеге асыру үшін нақты ұсыныстар әзірлеу мәселелері талқыланды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар