Елімізде
Елордалық жасөспірім балконда қамалып қалған әйелді құтқарды
- авторМағжан Орынбасар
- 26 қаңтар, 2025
- 844
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді
Астана тұрғыны пәтердің балконына қамалып, үйдің жанынан өтіп бара жатқан баладан көмек сұраған, деп хабарлайды Jambylinfo. kz
Сыртта аяз болғандықтан, 56 жастағы әйелдің жағдайы қиындай бастаған.
"1969 жылы туған әйел Астанадағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің балконына қамалып қалып, өтіп бара жатқан баладан көмек сұрады. Бала 112 нөмірін теріп, құтқарушылардан көмек сұрады", - делінген ТЖМ хабарламасында.
Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, 4-қабаттағы пәтерге 5-қабаттағы балкон арқылы альпинистік жабдықтың көмегімен кіріп, есікті ашуға көмектесті.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
16 желтоқсан күні халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025
Елімізде
Елімізде жаңғыртудан өткен екі автомобиль өткізу пункті пайдалануға берілді
- авторБақытжан Бекболат
- 12 желтоқсан, 2025






