жексенбі, 7 шілде, 2024 4:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елтаңба өзгермейтін болды

Елтаңба өзгермейтін болды
Фото - ашық дереккөзден
Бұл туралы министрлік хабарлады

Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның Елтаңбасын ауыстыру жөнінде мәселе жақын арада қаралмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Елтаңбаны өзгерту жайында президент мәлімдемесі қоғамда қызу талқыға түскен еді. vlast.kz басылымының жазуынша, мәселе күн тәртібінен шығарылған.

-    Мәселе күн тәртібінен шығарылды, - делінген мәдениет және ақпарат министрлігінің Елтаңбаның өзгеруін талқылау процесі туралы ресми өтінішіне берген жауабында.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Елтаңбаға қатысты сыни пікірлер айтылатынын жеткізген. 

-     “Елтаңбамызға қатысты сыни пікірлер айтылып қалады. Оны Кеңес заманындағы Гербке ұқсатып жатады. Тым эклектикалық, күрделі дейді. Мұндай ойды ел ісіне бей-жай қарамайтын белсенді азаматтар ғана емес, мамандар да айтып жүр. Орынды пайымдар ескерусіз қалмауы керек”,- деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар