жұма, 3 сәуір, 2026 17:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Енді ипотека пайызы бастапқы жарна көлеміне байланысты белгіленеді

Енді ипотека пайызы бастапқы жарна көлеміне байланысты белгіленеді
istockphoto.com
Егер алғашқы жарна 30 пайыз немесе одан көп болса, ипотека мөлшерлемесі төмен болады.

Ипотекалық несие мөлшерлемесі енді бастапқы жарна көлеміне қарай белгіленбек, деп хабарлайды Jambylinfo.kz atamekenbusiness_qaz телеграм арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова айтты.

Егер алғашқы жарна 30 пайыз немесе одан көп болса, ипотека мөлшерлемесі төмен болады. Ал жарна аз болған жағдайда, керісінше, несие пайызы өседі. Мысалы, 30 пайыздан төмен болса, мөлшерлеме шамамен 25 пайызға дейін жетуі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, бұл тәсіл банктер үшін тәуекелді азайтады және халықты алдын ала қаражат жинауға ынталандырады. Яғни, бастапқы жарна неғұрлым көп болса,ипотека де соғұрлым тиімді болады.

Сонымен қатар, банктер енді «Отбасы банк» жүйесіне ұқсас өнімдерді ұсына бастады. Бұл жүйеде азаматтар алдымен депозитке ақша жинап, кейін төмен пайызбен ипотека ала алады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар