Енді жүргізуші куәлігін алу бұрынғыдан да жеңілдей түспек
- авторБақытжан Бекболат
- 23 қазан, 2025
- 373
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, жүргізуші куәлігін алғаш рет рәсімдеу қызметі енді «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді болады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
– Енді алғаш рет жүргізуші куәлігін алғысы келетін азаматтар өтінішті мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, тікелей "ЦОН" мобильді қосымшасы арқылы бере алады. Жүйе медициналық анықтамасының бар-жоғын, автомектепті аяқтау туралы куәлігін және шектеулердің болуын мемлекеттік деректер базасы арқылы автоматты түрде тексереді, – делінген ресми хабарламада.
Өтініш жіберілген соң азамат өзіне ыңғайлы уақытта теориялық және практикалық емтихандарға жазыла алады. Ал мемлекеттік баж төлемі емтихандарды сәтті тапсырғаннан кейін ғана мамандандырылған ХҚО бөлімінде төленеді.
Жаңа тәсіл жүргізуші куәлігін алу процесін айтарлықтай жеңілдетіп, азаматтардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.






