Республика күніне орай түзеу мекемесінде іс-шара өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 23 қазан, 2025
- 353
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемесінде сотталған азаматтарға 25-Қазан Республика күніне орай рухани және патриоттық тәрбиесін арттыру мақсатында “Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер” атты көркем фильм көрсетілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аталған шара жазасын өтеушілердің мәдени және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға, ұлттық тарих пен тұлғаларға деген құрметін оятуға бағытталған. Фильмдерді тамашалау барысында сотталғандар қазақ халқының ерлігі мен тарихи тұлғалардың өмір жолынан тағылым алып, өз іс-әрекеттеріне ой жүгіртуге мүмкіндік алды.
Шара соңында мекеме әкімшілігі бұл бағыттағы тәрбиелік жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. Мұндай мәдени іс-шаралар сотталғандардың қайта әлеуметтенуіне және оң өзгерістерге бет бұруына септігін тигізеді.






