жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қорғаныс министрлігі БҚО-дағы дрон жарылысына қатысты мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрлігі БҚО-дағы дрон жарылысына қатысты мәлімдеме жасады
Қорғаныс министрлігі
Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қорғаныс министрлігі әуе кеңістігін бақылауды күшейтіп, мемлекеттік шекараны заңсыз бұзуға жол бермеу мақсатында қосымша қауіпсіздік шараларын енгізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

— Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының жарылысы тіркелді. Оның қалдықтары елді мекендерден алшақ аймақта табылды. Зардап шеккендер мен материалдық шығын тіркелген жоқ, — делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Қазіргі уақытта уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, дронның қайдан ұшып келгені мен оқиғаның нақты мән-жайын анықтау бойынша тексеріс жүргізілуде.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар