сенбі, 28 маусым, 2025 19:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Ерекше иісі бар сөмке»: ірі көлемде есірткі тасымалдаған курьер ұсталды

«Ерекше иісі бар сөмке»: ірі көлемде есірткі тасымалдаған курьер ұсталды
Фото - ашық дереккөз
Тергеу барысында күдіктінің осы жылдың ақпан айынан бастап интернет-дүкеннің есірткі курьері болып жұмыс істегені анықталды

Алматы облысында ірі көлемдегі есірткі тасымалдаған курьер ұсталды,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Polisia.kz. хабарлағандай, Алматы облысында "Қарасора-2025" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер аса ірі көлемдегі психотроптық заттарды тасымалдаған курьерді ұстады. Ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті мен облыстық басқарма қызметкерлері Талғар ауданында Volkswagen Jetta көлігін тоқтатып, 33 жастағы Алматы қаласының тұрғынын ұстады. Көлік салонын тексеру кезінде алдыңғы орындықтың астынан ерекше иісі бар сөмке табылды.

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайында жүргізілген тінту барысында ақ түсті ұнтақ зат салынған орам, түрлі-түсті таблеткалар, электронды таразылар, орау материалдары мен магниттер тәркіленді. Сараптама нәтижесінде бұл заттардың 200 грамнан астам 3-хлорметкатинон және 180 грамнан астам метилендиоксиметамфетамин (экстази) екені анықталды.

Тергеу барысында күдіктінің осы жылдың ақпан айынан бастап интернет-дүкеннің есірткі курьері болып жұмыс істегені, төлемді криптовалюта арқылы алғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткі жеткізу арналары мен қылмыстық сызбаның басқа қатысушыларын анықтауға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізілуде.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар