“Менің ата-анам – полицей”: отбасылық құндылықтарды ұлықтаған байқау өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 13 маусым, 2025
- 171

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №58 мекемеде қызмет ететін қызметкерлердің 7-14 жас аралығындағы балалары арасында “Менің ата-анам – полицей” атты тәрбиелік мәні зор балалар байқауы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Байқаудың басты мақсаты – тәртіп сақшыларының отбасында тәрбиенің маңызын арттыру, балалардың ата-анасының қызметіне деген мақтаныш сезімін ояту, сондай-ақ құқық қорғау саласындағы адал еңбекті дәріптеу болды.
Шараға әділет майоры М.Сағындықованың қызы – Т.Мұрат, әділет майоры М.Бекхожаевтың қызы – К.Ибадулла, әділет капитаны Д.Сиябековтың қызы – А.Қозыке, әділет майоры Ә.Үсенбаевтың ұлы – А.Ағабек, әділет лейтенанты Н.Досаеваның қызы – А.Досаева сынды белсенді бүлдіршіндер қатысып, өздерінің сурет, шығарма және бейнеролик түріндегі шығармашылық жұмыстарын ұсынды.
Балалар полицей ата-аналарының күнделікті қызметін мақтанышпен сипаттап, олардың қоғам алдындағы жауапты миссиясын жүрекпен сезінгендерін жеткізді. Ал ата-аналар үшін бұл байқау – баламен рухани жақындасып, оның шығармашылығы арқылы өз еңбегінің қадірін көрудің тамаша мүмкіндігіне айналды.
Осындай мазмұнды шаралар жас ұрпақтың бойында азаматтық сана мен отбасылық құндылықтарға деген құрметті қалыптастырып, тәртіп сақшыларының отбасындағы ынтымақ пен бірлікті нығайта түсері анық.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық оқырмандар ақын Ақсұңқар Ақынбабамен жүздесті
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 маусым, 2025