сенбі, 17 мамыр, 2025 4:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Есіл өзенінің деңгейі көтерілді: тұрғындар эвакуациялануда

Есіл өзенінің деңгейі көтерілді: тұрғындар эвакуациялануда
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Солтүстік Қазақстан облысы Тепличное ауылының тұрғындарын Есіл өзенінің суы қатты көтерілгеніне байланысты эвакуациялау басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тұрғындарды алдын ала эвакуациялау 25 сәуір күні сағат 15.00-де басталды.

"Құқық қорғау органдарының азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Тепличное ауылындағы тұрғындарды эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Эвакуация 25 сәуір күні сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі", – деп хабарлады ведомство.

Қажет болған жағдайда тұрғындарға көмек көрсетіліп, жедел жәрдем қызметі ұйымдастырылған. Эвакуацияланған адамдар уақытша Бескөл ауылындағы №2 орта мектеп базасында және Петропавл қаласындағы Жұмабаев көшесі, 198 мекенжайында орналасқан жатақханада орналастырылады.

"Оқиға орнында Төтенше жағдайлар қызметі, жергілікті атқарушы органдар және басқа да апаттық қызметтер жұмыс істеп жатыр. Баршаңызды сабыр сақтауға және жедел қызметтердің нұсқауларын қатаң орындауға шақырамыз. Тепличное ауылында бөгет нығайту жұмыстары жалғасуда", – деп мәлімдеді әкімдік.

Бірнеше сағаттар бұрын Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі елді мекендерге қауіп жоқ екенін, жағдайдың бақылауда екенін хабарлады. Есіл өзенінің жағалауларын нығайту және суды сорып алу жұмыстарына Кызылжар ауданында 1600-ден астам әскери қызметкер мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері тартылған.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар