Грекияда өрт үшін ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ - СІМ
- авторjambylinfo.kz
- 24 маусым, 2024
- 547
21 маусым күні Грекияның Гидра аралында отшашу атқан 13 қазақстандық турист өртке себеп болған деген ақпарат тарады. Яхтаны жалға алған демалушылар отшашуды яхтадан құрлыққа қарай атқан бойда күшті жалынға ұласқан.Өртті өшіруге шама- шарқы жетпеген соң өрт сөндіру қызметін шақыртып, артынша өздері кетіп қалған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Өрт сөндіруге тікұшақ пен бірнеше ерікті жұмылдырылған.Бұл жайтқа қатысты туристер көптеп келетін Гидра қала әкімі “біз кейбір адамдардың соншалықты жауапсыз болып, отшашуды карағайлы орманға қарай шашқанына ашулымыз" деп мәлімдеме жасаған.
ВВС-дің ақпаратына сүйенсек, қазір яхта экипажы қамауға алынған. Ал, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бұл іске қатысты ұсталғандар арасында ел азаматтары жоқ.
"Қазақстанның консулы бұл ақпарат жарияланғаннан кейін осы іске қатысты бірден Грекия билігіне хабарласты. Полицияның мәліметіне сәйкес, ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ және оларға ешқандай да талаптар қойылмаған", - деп хабарлайды СІМ.
Жаннұр Әбдіраманқызы
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз