сейсенбі, 2 шілде, 2024 13:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда 385 түлек «Алтын белгі» төс белгісіне ие болды

Жамбылда 385 түлек «Алтын белгі» төс белгісіне ие болды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Жалпы, Қазақстанда 7420 бала «Алтын белгі» иегері атанған

Жамбыл облыстық білім басқармасының мәліметі бойынша облыста 385 түлек «Алтын белгі» төс белгісіне ие болса, 810 мектеп бітіруші үздік аттестат иегері атанып отыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Дереккөзге сүйенсек, Жамбыл облысы бойынша 12 121 бала 11-сыныпты аяқтаған. Түлектер арасындағы қорытынды аттестаттау 28 мамыр-11 маусым аралығында өткен.

«11-сынып аяқтаған оқушылар 5 пән емтихан тапсырады. Биыл облысымызда 385 мектеп түлегі «Алтын белгі» төс белгісін алды. 810 түлек үздік аттестат иегері атанды», -деп жазылған  басқарманың хабарламасында.

Айта кетейік, биыл аймақ бойынша 22 867 оқушы 9-сыныпты аяқтаған.  Олардың арасында 1554 оқушы  үздік аттестат иегері атанып отыр.

Әлия Жанәбіл

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар