дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 17:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер  БАӘ-нен елге жеткізілді

Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер  БАӘ-нен елге жеткізілді
фото - ашық дереккөзден
Ол заңсыз бизнесінен 21 млн пайда тапқан

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктерінен заңсыз ойын бизнесі ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

Күдікті 2023-2024 жылдар аралығында Атырау облысында букмекерлік кеңсе түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, нәтижесінде 21 млн теңге көлемінде пайда тапқан. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.

 

- Ағымдағы жылдың тамыз айында ол Абу-Даби қаласының аумағында ұсталып, кейіннен Қазақстан Республикасына экстрадицияланды.  Айта кетері, ол бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған. Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.  Айыпталған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 4 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, делінген ресми хабарламада.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар