Елімізде
“Хуторский” бандасы: Хасан Қасымбаев екі айға қамалды
- авторМағжан Орынбасар
- 5 қараша, 2024
- 871

Қазір ол уақытша ұстау изоляторында екен
Алматы облысының полиция департаменті “Хуторский” бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаевқа қатысты бұлтартпау шарасы белгіленгенін хабарлады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ведомствоның мәліметінше, Қонаев қаласының мамандандырылған тергеу соты Қасымбаевты екі айға қамауға алу туралы қаулы шығарған. Қасымбаев 2 қарашада ұсталған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. Ол денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді және адам ұрлады деген айыпқа ілінген. Мұның бәрі 2021 жылдың маусымында болған оқиғалар.
- “Қазіргі уақытта қылмыстардың барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету үшін тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр. Іс материалдары бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жіберілді”, – деп нақтылады полиция.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Ақмола облысында ер адам трактордың астында қалып, көз жұмды
- авторБақытжан Бекболат
- 8 маусым, 2025
Елімізде
Асел Жанасова Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды
- авторБақытжан Бекболат
- 8 маусым, 2025