«Иелері жем-шөп дайындамаған». Ақмола облысының бір ауылында мыңнан аса жылқы қырылған (ФОТО)
- авторjambylinfo.kz
- 2 наурыз, 2024
- 901
Айта кетейік, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында «Ақмола облысында жылқылар қырылып жатқандығы» туралы ақпарат тараған болатын. Ал, енді Ауыл шаруашылығы министрлігі таратқан ресми мәліметке сүйенсек, Мамай ауылында күн суытып, жайылым жерлер қатып қалған соң, жылқылардың тебіндеуі қиындап, жас және кәрі малдар қырылған.
«Жергілікті атқарушы органдардың деректегінше ауылда 1116 бас жылқы өлімі тіркелген. Халықтың негізгі бөлігі малдарын аулаларына алып алған. Жайылымда тек қана иелері қалада немесе басқа елді мекендерде тұратын, сондай-ақ өз малдарын азықпен қамтамасыз етпеген тұрғындардың малы қалған. Жалғызқарағай ауылында (Ақкөл ауданы) тұрғындардың 1 220 бас, «Асхат» ШҚ 290 бас жылқысы бар. Көтерем болып жылқыларды елді-мекенге жеткізу мүмкін болмаған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұнда 55 бас жылқы өлген», - деп хабарлайды АШМ-ның баспасөз қызметі.
Қарабұлақ (Степногорск ауданы) ауылында 4 276 бас жылқы есепте тұр. Мұнда да жағдай өзге аудандардағыдай. Жалпы Степнагорск ауданында - 14 375 бас жылқы малы бар. Қыстың басынан бүгінгі күнге дейін Степногорск өңірі бойынша 42 бас жылқы шығынға ұшыраған.
«Мамандар аудандарды аралаған кезде 13 бас малдың өлімін тіркеді. Жылқылардың қыс мезгілінде қырылуына иелерінің малдарды фермаларда ұстамай, қажетті мөлшерде жем-шөп дайындамай, малдардың ашығуы себеп болған», - деп хабарлайды АШМ.
Енді жылқы малының қырылуын тоқтату үшін мына шаралар қабылданғаны белгілі болып отыр:
- Жеке қосалқы шаруашылықтардағы 73,5 мың бас жылқы қораға байланған;
- Күндізгі жайылымға тебіндеуге 71,8 мың бас жылқы жіберіледі (түнгі уақытта тиісті азықтандыруы бар қораларға айдалады);
- Облыс әкімі орынбасарының басшылығымен Жедел штаб жұмыс істейді;
- Жергілікті жерлерде мал басын жеммен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданады;
- Жайылымдық жерлерлерді қамтамасыз ету үшін қар жамылғысының үстіңгі қабатын қопсыту және жою бойынша іс-шаралар жүргізіледі.
Жалпы, Ақмола облысы ветеринария басқармасының мәліметі бойынша, 2023 жылдың желтоқсанынан бастап қазіргі уақытқа дейін 117 бас жылқының өлімі тіркелген, оның ішінде тек 27 бас жылқы ғана жергілікті жерлердегі ветеринариялық есептікке алынған. Қалған жылқылар нақты тіркеуде жоқ олардың иелері де белгісіз.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024