Жамбыл облысында қайын атасын ұрған келіннің ісі әкімшілік сотта қаралған
- авторjambylinfo.kz
- 2 наурыз, 2024
- 854
Іс материалына сүйенсек, 2024 жылдың ақпан айында Г.есімді азаматша жанжалдасу кезінде Е.есімді азаматты, яғни, өзінің қайын атасын басынан ұрып жіберген. Қайын атасы келінінің үстінен жазбаша арыз жазып, сотқа жүгінген.
«Меркі аудандық соты әкімшілік кодекстің ұрып-соғу бабы бойынша азаматша Г.-ға қатысты әкімшілік істі қарады. Құқық бұзушының кінәсі жәбірленушінің берген жазбаша арызы және түсініктемесі, дәрігерлік анықтама, құқық бұзушылық туралы хаттамамен, сонымен қатар сотта зерттелген басқа да кұжаттармен толық дәлелін тапты. Сот отырысында Г. өзінің кінәсін мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкініш білдірді. Жәбірленуші Е. көрсетілген жағдайды растап, шағымы жоқ екендігін көрсетті», - деп хабарлайды Жамбыл облыстық сотының ресми сайты.
Сот іс материалдарын қарай келе қайын атасын ұрған келіншекті әкімшілік кодекстің 73-2 б.1-1 б. бойынша кінәлі деп танып, оған ескерту жасаған. Сот қаулысы заңды күшіне енген.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз