жұма, 16 қаңтар, 2026 11:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Imam AI»: Жасанды интеллектке негізделген жаңа мобильді қосымша іске қосылады

«Imam AI»: Жасанды интеллектке негізделген жаңа мобильді қосымша іске қосылады
Canva
Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2026 жылға арналған Бағдарлық баяндамасында айтты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жасанды интеллект технологияларын қолданатын «Imam AI» атты мобильді қосымшаны әзірлеп, алдағы уақытта пайдалануға бермек, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2026 жылға арналған Бағдарлық баяндамасында айтты.

Бас мүфтидің айтуынша, заманауи технологияларды діни салаға енгізу – уақыт талабы.

«Заман талабына сай біз де жасанды интеллект мүмкіндіктерін діни салада жүйелі түрде енгізуді қолға алуымыз қажет. Бұл, ең алдымен, халықтың діни сұрақтарына жедел әрі сенімді жауап беруге, сондай-ақ дін қызметкерлерінің жүктемесін азайтуға жол ашады.

Осы орайда, жасанды интеллекттің көмегімен діни сұрақтарға жауап беретін арнайы мобильді қосымшаны әзірлеу қажет. Мұндай қосымша халықтың күнделікті өмірде туындайтын діни сұрақтарына лезде жауап алуға, ең бастысы сенімді, тексерілген дереккөздерге негізделген дұрыс мәліметке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін, сенімді дереккөздерге сүйеніп, діни сұрақтарға лезде жауап беретін «Imam AI» мобильді қосымшасын ұсынатын боламыз»,- деді Бас мүфти.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар