жұма, 16 қаңтар, 2026 11:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Қолайсыз ауа райы": Жамбылда көлік қозғалысына шектеу қойылды

"Қолайсыз ауа райы": Жамбылда көлік қозғалысына шектеу қойылды
istockphoto.com
Бұл туралы Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Жамбыл облысында қолайсыз ауа райына байланысты Қордай асуы аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдың 159–238 шақырым аралығы көліктің барлық түрі үшін уақытша жабылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жамбыл облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, бұл шара жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қабылданған.

Ведомство жүргізушілерге алыс жолға шықпауды, қозғалыс кезінде арақашықтықты сақтауды және жол ережелерін қатаң ұстануды ескертеді. Қажет болған жағдайда жол қызметтерінің нұсқауларын орындау маңызды.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар