сенбі, 28 маусым, 2025 12:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Индонезияда Левотоби жанартауы атқылады: қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды

Индонезияда Левотоби жанартауы атқылады: қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды
Фото: aa.com.tr
Бұл туралы Al Jazeera хабарлады. Жанартау аспанға мыңдаған метрге жететін ыстық күл бағанын атқылаған.

Индонезияның оңтүстік-орталық бөлігінде орналасқан Левотоби Лаки-лаки жанартауы қайтадан атқылай бастады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Индонезияның геология агенттігінің мәліметінше, күл бағанының биіктігі 10 000 метрге дейін жеткен. Осыған байланысты билік елдегі ең жоғарғы деңгейдегі қауіптілік дабылын жариялады.

Күл бұлтын жанартаудан 90–150 шақырым қашықтықта орналасқан елді мекендердің тұрғындары да көре алады.

Қазіргі уақытта қирау немесе адам шығыны туралы мәлімет түскен жоқ. Әуежайларда рейстердің тоқтатылғаны туралы да хабарланбады.

Жанартау маңындағы елді мекендердің халқына лай көшкіні жүруі мүмкін екені ескертілді.

Айта кетейік, Левотоби Лаки-лаки жанартауы биыл мамыр айында да атқылаған болатын, ол кезде зардап шеккендер болмаған. Ал 2024 жылдың қарашасындағы атқылау кезінде тоғыз адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алған еді.

Индонезия аумағында 120-ға жуық белсенді жанартау бар. Ел Тынық мұхитты қоршап жатқан «отты шеңбер» деп аталатын сейсмикалық белдеуде орналасқан.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар