Елімізде
«Интимдік қызмет және есірткі бизнесі»: Оралда 36 жастағы әйел ұсталды
- авторМағжан Орынбасар
- 9 желтоқсан, 2024
- 379
Қылмыскерлердің қатарында екі шетелдік азамат бар
Ішкі істер министрлігі Оралда есірткі сатушылардың әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Орал қаласында интимдік қызмет көрсетумен және есірткі заттарын таратумен айналысқан 36 жастағы әйел ұсталды. Сонымен қатар жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде екі шетелдік азамат ұйымдастырған есірткі зертханасы жойылды",- деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.
Оның айтуынша, жалға алынған үйді тінту барысында синтетикалық есірткі өндіруге арналған жабдық және сатуға дайын 9 килограмм мефедрон тәркіленді. 27 мыңнан астам бір реттік доза айналымға жіберілмеді.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
Елімізде
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024