Jusan Bank атауын өзгертті: клиенттер үшін не өзгереді
- авторБақытжан Бекболат
- 17 маусым, 2025
- 425

16 маусым күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы банк атауын өзгерту бойынша қайта тіркеу рәсімін аяқтаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Банктің хабарлауынша, атауды ауыстыруға байланысты бірқатар ішкі процестер уақытты талап етеді. Сондықтан әзірге кейбір сервистерде, ақпараттық жүйелерде, құжаттар мен материалдарда банк атауы ескі және жаңа нұсқада қатар қолданылуы мүмкін.
Сонымен қатар, банк өз мәлімдемесінде мемлекет, клиенттер мен серіктестер алдындағы барлық міндеттемелерінің толық сақталатынын атап өтті.
"Ребрендинг банк өнімдері мен қызметтерінің жұмыс істеуіне әсер етпейді", – делінген Alatau City Bank хабарламасында.
Еске салсақ, 2023 жылдың маусымында Jusan компаниялар тобы мемлекет бақылауына қайтарылған болатын. Ал 2025 жылдың мамырында Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Jusan Bank акцияларының 97,5 пайызын сатып алу туралы өтініш берген. Ол бұл мәміленің Kaspi.kz компаниясымен байланысы жоқ екенін айтқан.
Маусым айының басында Вячеслав Кимге Jusan Bank-ті сатып алуға рұқсат берілді.