Алматылық тұрғын вокзалда бомба туралы жалған хабар бергені үшін сотталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 маусым, 2025
- 239

Алматы қаласының 44 жастағы тұрғыны теміржол вокзалдарында жарылғыш зат қойылғаны жөнінде бірнеше рет жалған хабар бергені үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тергеу барысында анықталғандай, ер адам жазасын өтеу кезінде таксофон арқылы төрт рет қоңырау шалып, жарылғыш зат туралы жалған ақпарат таратқан. Бұл әрекеттер төтенше қызметтердің шұғыл жұмылдырылуына және вокзалдардан адамдарды эвакуациялауға себеп болды.
Сараптамалар күдіктінің жеке басын растады және оның айтқандарында шынайы қауіптің белгілері болғанын көрсетті. Сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы ("Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау") бойынша кінәлі деп танып, жазасын тағайындады.
Сотталушы мемлекетке келтірілген материалдық шығынды өтеуге, сондай-ақ өтемақы төлеуге міндеттелді.
Көлік прокуратурасы жалған терроризм туралы хабарламалар қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіріп, ауыр салдарға алып келетінін ескертеді.