Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қытай үкіметіне 1500 киік беру туралы шешім қабылдады
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 маусым, 2025
- 615
Бұл туралы Қазақстан президенті мен Қытай басшысының кешегі келіссөзі барысында айтылды.
Қытайға берілетін 1500 киік сол елдегі киік популяциясын қалыпқа келтіруге бағытталған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аталған шешімді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған және жауапты министрлікке тапсырма жүктеген.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда киік популяциясын қалпына келтіру мақсатында оларды Қытайдың батыс бөлігіне қоныстандыру үшін 1 500 киікті сыйға беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, – деп жазылған ресми хабарламада.
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин бұл шешім үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын білдірді, себебі Қытай киік популяциясын қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр.
Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрлігі бүгін осындай тапсырма түскенін және мәселені пысықтап жатқанын жеткізді.
Келесі мақала
ХТУ ректоры жаңа оқу жылының басымдықтарын таныстырды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






