сейсенбі, 7 сәуір, 2026 10:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Көлік министрлігінде Жамбылдағы теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстарының барысы талқыланды

Көлік министрлігінде Жамбылдағы теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстарының барысы талқыланды
Көлік министрлігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Көлік министрлігінің ғимаратында вице-министр Жәнібек Тайжановтың төрағалығымен Жамбыл облысындағы теміржол вокзалдарын реконструкциялау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Кеңеске Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, «Мемсараптама» РМК, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері, сондай-ақ мердігер ұйымдар қатысты.

Кеңес барысында Боранды, Отар, Тараз, Түрксіб және Шу станцияларындағы вокзалдарды реконструкциялау жобалары қаралды.

Жұмыс кестелерінің сақталуы, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы, сондай-ақ реконструкция кезеңінде жолаушыларға қолайлы қызмет көрсету үшін уақытша инфрақұрылымды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, бағдарламаға енгізілген барлық вокзал кешендерін ағымдағы жылы аяқтау жоспарланып отырғаны атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға, мердігер және жобалау ұйымдарына жобаларды іске асыру қарқыны мен сапасын қамтамасыз ету бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Вокзалдарды реконструкциялау Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтары үшін теміржол инфрақұрылымының жайлылығы, қауіпсіздігі және қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар