ШҚО-да көпбалалы аналар автобуста тегін жүретін болды
2025 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысындағы көпбалалы аналар автобуста тегін жүреді. Бұл туралы ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Қуаныш Акрамов айтты
деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
"Енді келесі жылдан бастап "Алтын алқа", "Күміс алқа", "Батыр ана", I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар үшін қалааралық және ауданаралық қоғамдық көліктер тегін болады. Оған қажет қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді", – деді Қуаныш Акрамов.
Келесі мақала
Жаңа заң аясында несие төлеуді кейінге қалдыруға болады
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024