Елімізде
Кабинетінде қыз зорлады деп айыпталған Талдықорған полициясының басшысы сот залынан ауруханаға түсті
- авторДиана Орынбасар
- 6 наурыз, 2024
- 784
Қыз зорлады деп айыпталған Талдықорған ІІБ бұрынғы басшысы Марат Күштібаевты сот залынан жедел жәрдем көлігі алып кетті, деп хабарлады Jambylinfo.kz Жетісу облыстық сотына сілтеме жасап.
Видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Зембілмен көтеріп кетіп бара жатқан адамның Марат Күштібаев екені айтылған.
«Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі сот отырысы кезінде айыпталушы К.-ны жедел жәрдем көлігімен алып кеткені туралы ақпаратты растайды. Қазіргі уақытта ол кардиологиялық орталықта дәрігерлердің бақылауында. Осыған байланысты сот отырысы кейінге қалдырылды», - деп түсіндірді соттың баспасөз қызметі.
Еске салайық, өткен жылы қарашада Талдықорған қалалық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаев 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталды.