дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 11:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Үкімет Арқалықта су тасқынынан зардап шеккендерге үй сатып алу үшін 405 млн теңге бөлді

Үкімет Арқалықта су тасқынынан зардап шеккендерге үй сатып алу үшін 405 млн теңге бөлді
Сурет: gov.kz
Үкімет қаулысымен су тасқыны салдарынан зардап шеккен Қостанай облысы Арқалық қаласының тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету үшін Үкіметтің төтенше резервінен 405 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Қаражат 2024 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Үкіметтің төтенше резервінен бөлінді.


"Қостанай облысындағы су тасқыны жағдайы Республикалық штабтың бақылауында. Бүгінде үлкен судың қарқыны бәсеңдеп, қауіптің беті қайта бастады. Қалалық және аудандық әкімдіктер табиғи сипаттағы ТЖ салдарынан мүлкі бүлінген азаматтардан материалдық шығынды өтеу туралы өтініштерді тіркеді. Бағалау комиссиясы жұмысының қорытындысы бойынша шешім қабылданды. Сонымен бірге Арқалық қаласында және басқа да елді мекендерде үйлерді тексеру жұмыстары жалғасып жатыр", - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі. 



ТЖ режимі жарияланған басқа облыстарда да зардап шеккен нысандарды техникалық тексеру, бағалау және тізбесін жасау бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Қауіптің азаюына қарай су тасқыны кезінде зардап шеккен азаматтардың тұрғын үй мәселелері шешіледі. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар