дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 3:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Киров су қоймасының өткізу мүмкіндігі вегетация аралық кезеңде екі есеге артатын болады

Киров су қоймасының өткізу мүмкіндігі вегетация аралық кезеңде екі есеге артатын болады
фото - ашық дереккөзден
Бұл туралы екі ел арасында Үкіметаралық кеңес отырысында айтылды

Бішкектегі Қазақстан-Қырғызстан Үкіметаралық кеңесі отырысының қорытындысы бойынша ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің Төрағасы – Президент Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаровтың қатысуымен су ресурстары саласындағы өзара іс-қимыл бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Биылғы вегетациялық кезең қалыпты режимде өтті. Қырғыз тарапы уағдаластықтар шеңберінде Шу және Талас өзендері бойынша жүз пайыз су беруді қамтамасыз етті. Нәтижесінде Жамбыл облысының шаруалары толық көлемде су алды.

«Біз Киров су қоймасының толу мәселесін көтердік. Бүгінгі таңда су көлемі өткен жылдың деңгейінен үш есе көп. Бізде көктемгі су тасқыны кезінде үлкен ағын болады, ал бұл су көлемі Жамбыл облысына бағытталуы мүмкін деген алаңдаушылық бар. Қырғыз тарапы бұл үдеріс тұрақты бақылауда және көктемгі су тасқыны кезінде су көлемі қауіпсіз режимде жіберілетініне сендірді. Белгіленген кестеге сәйкес, вегетация аралық кезеңде Киров су қоймасынан су жіберуді екі есеге ұлғайту жөнінде міндеттеме алды. Бүгінгі таңда біз секундына 10 м3 аламыз, олар қажет болған жағдайда секундына 20 м3 дейін арттыратын болады», — деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар